Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел өзіне бүйрегін берген сүйіктісінің үйлену туралы ұсынысын қабылдамай қойды

Ұлыбританияда Симон Луис есімді ер адам өзінің сүйіктісіне донор болып, бір бүйрегін берген. Алайда ота сәтті өткенімен, сүйіктісі Луистың ұсынысын қабылдамай қойған, деп хабарлайды Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Мэри Эммануэлль өзіне бүйрегін берген сүйіктісінің ұсынысынан бас тартқанымен, бұл әрекетін өкінбейді екен. Десе де ол болашақта Луиспен бірге болатынынан үміттенеді.

Әйелдің сүйіктісінің ұсынысынан бас тартуына денсаулығындағы қиындықтар себеп болыпты. Дәл осы себепті Мэри Эммануэлль өз болашақтағы жағдайына сенімсіз екен. Ғашықтар бір-бірін сүйгенімен, әзірге дос болып қалуды ұйғарған.

«Ол – менің жақсы досым. Және солай болып қала береді. Арамыздағы махаббат шынайы. Ол мен үшін өлуге де дайын», – дейді Мэри.

Оқи отырыңыз:

АҚШ-та 11 жасар баланың қолына ұлу өсіп шықты

Боливияда ғалымдар Ромео атты бақаға танысу сайтынан парақша ашқан

Аустралиялық ер адам екі қолтырауынды тірідей ұстап алды

Сегізаяқтардың туылған сәтінің көрінісі желі қолданушыларын таңдандырды (видео)

Талқылау