Ұлыбритания соты 11 айлық сәбиді өлтіру туралы шешім шығарды
Бірнеше аптадан бері Британия басылымдары осы жаңалық туралы жарыса жазып жатыр. 11 айлық Чарли Гард сирек кездесетін генетикалық ауруға шалдыққан екен. Ал дәрігерлер оны емдеуден бас тартып отыр. Тіпті, оны аппараттан өшіру туралы шешім шығарған.
Бұл туралы anews.com басылымы хабарлайды.
Бірнеше Британияның соты сәбиді аппараттан өшіру туралы шешім қабылдады. Мұны адам құқығын қорғайтын Еуропа соты да қоштап отыр. Сот өкілдерінің айтуынша, кез келген ем сәбиге тек кері әсерін алып келеді.
Осы өкімнен кейін сәбидің ата-анасының қандай күйде екені айтпаса да түсінікті. Конни мен Крис сот шешімімен келіспей отыр. Бұл жаңалықты естіген Америка дәрігерлері жас ата-анаға көмек қолған созған. Тіпті, Лондонға танымал нейробиолог Мичио Хирано ұшып келген.
Сәбиді тексерген Мичио оның денсаулығын жақсартуға болатынын айтты. Мұнымен қатар, ол бұлшық ет жұмысын қалыпқа келтіріп, арықтаудан аман сақтап қалуға болатынын жеткізген. Профессор бұл туралы Ұлыбритания сотының отырысында мәлімдеген.
АҚШ конгрессі ата-ананы қорғап, оларға азаматтық пен тегін емделу ұсынды. Қуаныштарына орай, жас отбасы қайырымдылық қорының арқасында 1,5 миллион доллар ақша жинаған. Десе де, Ұлыбритания дәрігерлері сәбиге ешқандай ем көмектеспейтінін алға тартты.
Жіберіп алмаңыздар:
Бразилиялық суретші көрермендердің алдында тыржалаңаш шешініп тастады (видео)
Көріңіздер: Болашақтың метросы қандай болады (видео)
Өзенге батқан баланы құтқарып қалған күйеу жігіттің суреті жұртты тәнті етті (фото)
Смартфоныңыздың қуатын ұзағырақ сақтауға көмектесетін 10 қулық