Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Соғыс кезінде немістердің қолына тұтқынға түскен отандастарымыз неліктен опасыз деп танылды?

Сұрапыл соғыс кезінде әскерлердің немістер қолына тұтқынға түсуіне Кеңес Одағы кінәлі. Себебі, оларға қарсы тойтарыс беруге Қызыл әскердің дайындығы аз болған. Өткен күнге баға беретін тарихшылар осылай дейді.

Көрнекі сурет

Ал сол тұтқындардан Кеңес әскеріне қарсы құрылған “Түркістан легионының” басында кім тұрды? Осы екінші дүние жүзілік соғысты «Ұлы Отан соғысы» дегеніміз дұрыс па? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Ресми дерек бойынша, сұрапыл соғыста 4 млн-ға жуық азамат тұтқынға түскен. Өйткені, әскердегілердің 80 пайызға жуығы соғысқа дайын емес еді. Тіл білмеді. Салдарынан, команданы түсінбеді. Қаруы да жеткіліксіз болды. Бірақ, олардың барлығы да жаппай «опасыз» атанды. Дегенмен, соғыс аяқталғаннан кейін Кеңес Үкіметі тұтындарға «кешірім жасап» , елге шақырды. Алайда, арада бір-екі жыл өткенде оларды жаппай соттады. Одан аман қалғандардың туыстары болса, оқу мен қызметтерден шеттетілді.

«Шетелде жалпы тұтқынға түскен азаматтарды селекцияда тексеріп шығады сараптап. Опасыздық жасаған адамдарды түрмеге қамаса, олай жасамағандарға тіптен медаль береді. Білесіз бе, қалай айтатынын, «Аман қалғаны үшін» деп аталады» – дейді тарихшы Бүркітбай Аяған.

Тұтқынға түскендердің арасындағы мұсылмандар Кеңес кезеңінде атауы құлаққа түрпідей тиетін «Түркістан легионына» алынды. Бірақ, екі жыл ғана өмір сүрген легионның Кеңес әскеріне қарсы тойтарысы шамалы болды. Оның болашағына күдіктенген неміс әскері оларды шұғыл Франицияға жібереді. Тарихшы Бүркітбай Аяғанның айтуынша, легионды Уәли Қайым деген өзбек азаматы басқарған. Ал оған Мұстафа Шоқайдың еш қатысы жоқ, дейді.

«Шын мәнінде Мұстафа Шоқай тұтқындарға барған, олармен кездескен. Бәлкім, бөлек отряд құру туралы ойлары болған шығар. Бірақ, Түркістан легионын құрған Мұстафа Шоқай емес. Себебі, 1941 жылы июнь айында соғыс басталса, желтоқсан айында ол кісі қайтыс болады. Ал Түркістан легионы 42 жылы Польшада Легионова деген жер болған, сонда құрылып, қызыл әскерге қарсы қоймақшы болды ғой» – дейді тарихшы Бүркітбай Аяған.

Тұтқындар мәселесі өз алдына, Кеңес Одағы құлап, еліміз тәуелсіздігін алса да, бұл күнді жұрт әлі күнге Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні дейтіндер баршылық.

Ал, Халықарылық журналист Қуандық Шамахайұлы болса, ескі қағидалардан арылатын уақыт жетті дейді.

«Мынау бүгінге дейін екінші дүние жүзілік соғыстың атауы дұрыс аталып келген жоқ. Бүгінгі Тәуелсіздік жылдарында Ұлы Отан соғысы деп айту, ешқандай қисынға келмейді. Сондықтан, бұны біз дүниежүзілік, екінші соғыс деген атауды қалыптастыруға тиіспіз» – дейді ҚР Мәдениет қайраткері Қуандық Шамахайұлы.

Қалай десек те, ол «Отан» қазір жоқ. Еліміз дербес мемлекет атанды. Ал еліміздің Тәуелсіздігін тұтқында болған жерлестеріміздің 10-15-і ғана көрген. Оларға ресми мәртебе беріліп, толыққанды азамат деген құқыққа ие болды. Сондықтан, тұтқындар тарихын Кремль жылы жауып тастаған.

Оқи отырыңыз:

Академик: Соғыста, әсіресе, қазақтар өзін-өзі ататын

Қазақстандық жауынгердің оқиғасы: Сегіз ағайындының бірі ғана соғыстан қайтқан

Астана тұрғыны атасының соғыста жазған хаттарын 70 жылдан кейін тауып алды (фото)

Талқылау