Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық экономика министрі азық-түліктің қымбаттауына халықтың өзін кінәлады

Доллар бағамының Қазақстанда азық-түлік бағасының қымбаттауына еш қатысы жоқ. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов осылай деді. Ал оның бағасының төмендемеуіне қазақстандықтардың өздері кінәлі. Өйткені халық кәсіпкерлер ұсынған тауарлар мен қызмет түрлерінің бағасына келісе береді, деп хабарлайды КТК арнасы.

министр экономики

Сүлейменов барша қазақстандықтарға долларды мидан шығарып тастауға кеңес берді. Сондай-ақ, ол Қазақстанның Америка емес екенін және біздің теңгемен есептелетін өз экономикамыз бар екенін еске салды.

Қуанышқа орай, министр импортқа тәуелділігімізді де ұмытқан жоқ. Десе де ол бірден өзімізде де өндіріс бар екенін айтты.

Сүлейменовтің пікірінше, Қазақстанда баға саясатын қазақстандықтардың өздері реттеп отыр. Бұған мысал ретінде ол баспана нарығын келтірді. Ондағы әр шаршы метрдің бағасы түспегенімен, оған деген сұраныс та азаймай отыр екен.

«Жоғары баға төлеуге дайын болсақ, бағаны көтере береді, дайын болмасақ төмендетеді. Бұл жерде бағаның долларға тәуелділігін емес, ондағы импорттың көлемі қанша, соны білу қажет. Өз ұсыныстарымызды арттырып, барьерлерді, шығындарды азайтып, бәсекелестікті арттыру сынды жұмыстармен айналысу қажет», – дейді Сүлейменов.

Жіберіп алмаңыз:

Маңғыстау облысының шұбатынан кәмпит пен балмұздақ жасалады

Елімізде доллар тағы да арзандай түсті

Бензин бағасы тағы қымбаттай түсті

Зейнетақы қорынан 50 млрд теңге теміржол саласына бөлінбек

Талқылау