Ұлттық ұлан жауынгерлері жоғалып кеткен жеті жасар баланы тауып, ата-анасына қайтарды
ҚР Ұлттық ұланы 5517-әскери бөлімінің жауынгерлері Оралда адасып кеткен жеті жасар баланы тауып, ата-анасымен қауыштырды.
«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 10 тамыз күні Әбілқайыр хан көшесімен жалғыз жүрген жеті жасар Ермекті құрамында лейтенант Қазбек Таңсықов, қатардағы жауынгерлер Әлішер Жақасов пен Виктор Шкокк бар топ байқап, оны үйінен ойнауға шығып, адасып кеткенін білген. Олар баланы үйіне апарып, ата-анасының қолына тапсырған. Бұл кезде ата-анасы ұлының жоғалып кеткені туралы полицияға хабар беріп те қойған.
Адасқан баланың әкесі Нұржан Мәмбетов ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшысы, генерал-майор Әлібек Серәлиевтің атына хат жазып, әскери қызметкерлерге алғысын білдірген. Қырағылық көрсеткені үшін Ұлттық ұлан жауынгерлері ынталандыруға ұсынылды. Олардың мұндай үлгілі іс-әрекеті Мәмбетовтің хатынан кейін ғана белгілі болған, өздері мұны қызметтік борышы санап, ешкімге айтпаған.
Тағы да оқыңыз:
Аю өзіне сүт бермек болған ер адамның қолын қоса жеп қойды (видео)
Аптап ыстықта көлікте ұмыт қалған сәби ажал құшты
Қабір тонаушы жасырулы камераға түсіп қалып ұрлығы әшкере болды