Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық пантеон құрылысына 79 миллиард теңге бөлінді

Қазақстандағы Ұлттық пантеон құрылысының техникалық-экономикалық жобасының құны 79 миллиард теңгені құрайды. 1000 гектар аумақты алып жататын пантеон Қабанбай батыр ауылында орналаспақ.

ьта

Сурет info-tses.kz

Бұл туралы “Астана” арнасы хабарлайды.

Бұл ретте “КазГор” Жобалық академиясы” ЖШС халықаралық конкурстың үдік эскиз-идея бәйгесінде озып шыққан. Ұлттық пантеонды салу үшін Астана қаласынан 17 шақырым қашықта орналасқан Қабанбай батыр ауылдың округінен жер телімі бөлініп отыр.

“Бүгінгі күнге дейін қоғамдық кеңес өткізілді. 26 мамыр күні кезекті сессия барысында барлық материалдарды Ақмола облысына мақұлдауға жолдаймыз. Бұл астана қалалық әкімдігі және мәслихаты бірлесе қабылдаған шешім”, – деді Астана қалалық жер қатынастары басқармасы жер кадастры бөлімінің басшысы Шыңғыс Бектемір.

Пантеонға еліміздің танымал тұлғалары, мемлекет қайраткерлері, ғылым, мәдениет салаларының қайраткерлері, мемлекеттің дамуына үлкен үлес қосқан азаматтар жерленетін болады.

Талқылау