Ұлттық компаниялар жаңажылдық корпоративтерден бас тартуда
Еліміздегі ұлттық компаниялар мен мемлекет иелігіндегі xолдингтер жаңажылдық корпоративтер жасамайды, деп хабарлайды Қазақпарат.
Бұл жайлы Orda FM арнасындағы “Лига Джентльменов” шоуының радиожүргізушісі, танымал шоумен, “1show.kz” event компаниясының резиденті Азамат Имашев сұхбатында айтып берді.
Азамат Имашев қазіргі уақытта жаңа жылдық кештер емес, тәуелсіздігіміздің мерейтойы маңызды екенін, сондықтан бар күшті тәуелсіздігімізді тойлауға жұмсап жатқандарын айтады. “Самұрық-Қазына”, “Қазақстан Темір Жолы”, “ҚазМұнайГаз” компаниялары да жаңа жылдық кештерді жасаудан бас тартқандарын мәлімдеді.
“Жеке компаниялар ұжымы қазірден қамданып жатыр. 23-24 желтоқсан күндері ерекше сұранысқа ие. Ресторандардың басым бөлігі орындарын сатып үлгерді. Бұл жеке меншік компаниялар ғана екенін атап өткім келеді”, – деп атап өтті танымал шоумен. Дегенмен олардың өзі дағдарыс кезінде көп шығынға батпай-ақ, мейрамды арзанға өткізуге тырысады екен. “Жаңа жылдық корпоративті өткізу шамамен 300 мың теңгеден басталады. Қазір әртістері шақыру да азайды.
Бұрынғыдай мейрамды белгілі бір тақырыпқа арнап, Голливуд мәнерінде ұйымдастыру өзекті емес. Биыл желтоқсанға әртіс жалдаған компаниялар мүлдем жоқ. Әр компанияда өздерінің таланттары бар. Бөлім қызметкерлері жеке-жеке сценарий дайындап, бірі ән айтса, екіншісі музыкалық аспаптарда ойнайды, енді келесілері күлкілі қойылым ұйымдастырады”, – деп түйді сөзін Азамат Имашев.
Жіберіп алмаңыз:
«Қарағанды аруы» титулын 17 жасар мектеп оқушысы ұтып алды
Адам денесін сергітетін 9 құбылыс (фото)
Әр тұрғынның миллионы бар: Қытайдағы миллионерлер ауылы қалай өмір сүреді