Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк: Теңге адамдардың негізсіз әңгімелерінен кейін құнсызданып кетті

Бензин бағасының құбылуына Ресей рублінің де әсері болуы мүмкін. Кеше рублдің долларға шаққандағы құны біраз әлсіресе, ал теңгеге шаққанда біршама нығайды. Бұл туралы КТК хабарлайды.

Безымянный

Ұлттық валюта екінші күн қатарынан ұтылып отыр. Ал сарапшылар болса “Ирма” дауылының пайда болуы да мұнайға деген сұранысқа әсер еткен көрінеді.

Теңгені нығайту үшін Ұлттық банк тамыз бен қыркүйекте доллар сатқан еді. Дегенмен теңгенің құлдырап кетуіне бас банкир сарапшыларды кінәлайды. Ақышевтің айтуынша, олардың девальвация туралы болжамдары теңгенің құнсыздануына соқтырып отыр.

“ЭКСПО халықаралық көрмесі аяқталғаннан кейін немесе Ресейге салынған санкциялардан соң теңге девальвацияға ұшырады деген болжамдар көбейіп кетті. Нарықтағы тұрақсыздыққа құмар адамдар осындай өсек тудырып отыр”, – дейді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев.

Оқи отырыңыз:

Елімізде азық-түлік пен ақылы қызметтер құны одан әрі шарықтап кеткен

Қазақстанда жасы 50-ден асқан азаматтар белсенді түрде ипотекаға үй ала бастады

Өзбек сумының құнсыздануы Қазақстанға қалай әсер етеді?

Энергетика министрі: Қазақстанда электр энергиясы тарифтері қымбат деп ойламаймын

Талқылау