Ұлттық банк “Қырқынан шығару” деп аталатын теңге шығарды
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2016 жылдың 25 қарашасынан бастап “Дәстүрлер, Қазақстанның ұлттық ойындары” сериясымен “Қырқынан шығару” естелік монеталарын шығарды.
Қырқынан шығару – ертеден келе жатқан, баланың туғанына қырық күн толғаннан кейін 40 қасық тұзды суға шомылдыратын дәстүр. Сонымен қатар, дәстүрді орындау кезінде балаға күміс әшекейлер тағып сәндейді. Шараға әйелдер ғана қатысып, олар әр су құйған сайын сәбиге жақсы тілектер тілейді.
Күміс және нейзильбер қоспасынан жасалған “proof” сапалы күміс монеталарда Қазақстан Республикасының елтаңбасы, ал төменгі жағында оның номиналын білдіретін (күміс монетада “500”, нейзильбер қоспасынан жасалған монетада “100”) сан және “Теңге” жазуы бар.
925 сынамды күмістен дайындалған монетаның жалпы массасы 24 г, ал диаметрі – 37 мм, ең көп таралымы – 3 мың дана. Ал “нейзильбер” қоспалы монетаның диаметрі – 31 мм, массасы – 11,17 граммм. Ол 100 мың дана таралыммен шығып отыр.
Номиналы 500 теңгелік және 100 теңгелік ескерткіш монеталар еліміздің барлық аумағында өзінің көрсетілген құны негізінде қолданысқа жарайды. Яғни, жаңа теңгелер арқылы барлық сауда-саттық аударымдары мен төлемдерін жасай беруге болады.
Оқи отырыңыз:
Астанада ер адам -30 градус аязда жұқа жейдемен емін-еркін көшеде жүрді (видео)
Мен өлі адамдай күйде болдым: Жібек Мусинова зорлау ісі жайлы ашық айтты
Ақтауда жүздеген тұрғын көз жұмған 6 жасар Викториямен қоштасуға келді