Ұлттық арна трансвеститке эфирге шыққаны үшін ақша төлеген
Отандық блогер өзінің фейсбук парақшасына Ләйлә Сұлтанқызынан алған сұхбатын жариялады. Аталған сұхбатта Эльвира ханым Ләйлә Сұлтанқызынан жұртты шулатқан трансвестит туралы сұрайды.
Ләйлә Сұлтанқызы блогерден мұндай сұрақ күтпегенін жасырмады. Десе де, трансвеститке қатысты дұрыс ақпарат беруге тырысты.
– Әйел бақыты бағдарламасына трансвеститті қонақ қылуға не себеп болды?
– Эльвира, сен дәл осы сұрақты қояды деп күтпедім. Біздің белгілі бір көздеген мақсатымыз болған жоқ. Бар болғаны біздің қоғамда дәл осындай құбылыстың болып жатқанын білдіргіміз келді. Біз мұның барлығын тек біріккен жағдайда ғана жеңе аламыз.
– Бұл туралы бұрын-соңды білмеген жеткіншектер бұрыс жолға түсіп кетеді деп қорықпадыңыздар ма? Бір-екі жасөспірім дәл осы жағдайға аталған бағдарламадан кейін түсіп кетсе ше?
– Жоқ, қорықпадық. Себебі, мен қазіргі ата-аналардың жауапкершілігіне сенемін. Біздің бағдарламадан кейін бала бұзылып кетуі мүмкін деп ойламаймын. Әлгі жігіт жағдайын 13 жасында анасына ашып айтқан. Анасы мән бермеген. Яғни, баласын тыңдамады, мәселемен күреспеді.
– Ол жігітті қайдан таптыңыздар? Эфирге шығуы үшін қанша ақша төледіңіздер? Мен олардың тегін жұмыс істемейтінін жақсы білемін.
– Ол жігітпен біздің редакторлар ұзақ уақыт жұмыс жасады. Оның үстіне қазақ тілінде сөйлеуі де нашарлау болды. Қанша төленгенін білемін, бірақ айтпаймын. Бұл сұрақты Нариманға немесе Асылға қою керек. Қомақты қаржы бермедік.
Жіберіп алмаңыз:
Жынысын ауыстырған қазақстандық транссексуал елімізде ерлердің 90%-ы бисексуал деп елді шошытты
Аяғы ауыр қазақстандық келіншек өзін күйеуі өлтіріп қоя ма деп қорқып жүр
Қазақ қызы студент кезінде туған баласын қазіргі жігітінен жасырып жүр
Бір әулеттің жалғыз ұлы бедеу келіншегінің ажырасу туралы ұсынысынан бас тартты