"Үлкен ұлы жылап тұр": Айқын мен Жұлдыздың жаңа бейнебаяны қызу талқыға түсті
Танымал өнерлі жұп Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалидың су жаңа бейнебаяны ел талқысына түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/aikyn/
“Жаңа бейнебаян Youtube-қа шықты. Үйлену тойымыздың видеосы. Кім лүпіл басып, жақсы пікір жазады соған 2025 жылы жақсылық келеді”, – деп жазды Айқын.
Желі қолданушылардың назарын әншінің үлкен ұлы аударды. Көпшілік оны көңіл күйінің жоқ екенін болжап жатыр.
“Үлкен ұлының жылғасы келіп тұр”, “Балалар анасын тастап, басқа әйелге кеткен әкесіне реніші бар сияқты”, “Бірінші әйелін де клипке түсіріп, көп ұзамай ажырасып кеткен” деп жазды көпшілік.
Алайда өнер иесі оқырман қауымның жазғандарына шынайы жауап берді.
“Балам Жұлдызды екінші анасы ретінде баяғыдан қабылдап қойған. “Тойға барамын” деп өзі сұранды. Сол жерде қалжыңдасып, кассаны жинап отырды. Білмесеңіз, бекер жазбаңыз”, – деп жауап қатты Айқын.
-
"Арзан емес": Жұлдыз Өмірғали той көйлегі мен неке жүзігінің бағасын жариялады
-
"Бәрі қасымда": Айқын Төлепберген бірінші әйелін тастап кетті дегендерге жауап берді
Бұған дейін, "Әселден басқа келін керек емес" деген Айқын Төлепбергеннің ата-анасы Жұлдызбен қосылуына қарсы болғанын жасырмаған еді.
“Айқынның екінші рет шаңырақ көтеруі төбемізден жай түскендей болды. “Әселден басқа келін керек емес” деп қарсы болдым. Екі немерем үшін уайымдаймын. Әкелері қамқор болғанымен бірге тұрмайды. Сол үшін уайымдаймын. Аңсардың жасы – 13-те. Бірақ әкесі “Баланың шешіміне қарсы болма” деді. Содан кейін батамызды бердік”, – деген еді Айқынның анасы.
Еске салайық, Айқын Төлепберген екі некесінен туған төрт баласына төрт пәтер алып бергенін жазған едік.