Үлкен теннистен Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына жолдама үшін жарысты ірі жеңіспен бастады
Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 10-орында) және Юлиана Лисарасо (684-орын) Брисбенде (Аустралия) өткен Билли Джин Кинг Кубогының іріктеу кезеңінде Қазақстан — Колумбия матчында ойнады. Бұл туралыс Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Отандасымыз қарсыласын екі сетте ойсырата жеңді — 6:1, 6:2. Кездесу небәрі 52 минутқа созылды. Рыбакина Қазақстанға екінші ұпайды, сондай-ақ Колумбиямен кездесуде жеңісті алып келді. Бұған дейін Юлия Путинцева (23-орын) Валентина Медиорреаль Ариасты (804-орын) сенімді түрде жеңген еді — 6:0, 6:1.
Осылайша, Қазақстан әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионаты — Билли Джин Кинг Кубогының финалдық кезеңіне мерзімінен бұрын жолдама алды. Біздің теннисшілер Аустралиямен бірге ойнаған топта бірінші орынды иеленді.
Бүгін жұптық кездесу де жоспарланған — Жібек Қуламбаева мен Анна Данилина Мария Паулина Перес Гарсия / Юлиана Лисаразо дуэтіне қарсы ойнайды.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

