"Үлкен ақша емес": Қанат Бозымбаев Қазақстанда су тасқынына бөлінген 49 миллиард теңге туралы айтты

Парламент кулуарында вице-премьер Қанат Бозымбаев Қазақстанда су тасқынының алдын алуға бөлінген 49 миллиард теңгеге қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл қаржы көлемі үлкен емес. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бозымбаев бұл қаражат түрлі кешенді жұмыстарға бағытталатынын алға тартты. Атап айтқанда, гидротехникалық құрылыстарды, бөгеттерді, су өткізу нысандарын және су қоймаларын көпфакторлы тексеру, сондай-ақ оларды жөндеу мен қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.
Оның сөзінше, елдегі негізгі су қоймаларға 30 жыл болған. Тіпті кейбіріне 50–70 жыл болған. Сондықтан оларды тексеру мен жаңарту айтарлықтай шығынды талап етеді.
Сондай-ақ вице-премьер 2024 жылғы жағдай елдің су тасқынына толық дайын болмағанын көрсеткенін айтты. Көптеген қажетті шаралар уақытында жүзеге аспаған.
"Бұл – үлкен ақша емес. Мұнда ешқандай мәселе көріп тұрған жоқпын. Аймақтар бұл жұмыстарды атқаруы керек. Себебі табиғат келтіретін шығын әлдеқайда көп болуы мүмкін", – деді Бозымбаев.
-
"Онсыз да басшылық қызметтемін": Қанат Бозымбаев вице-президент лауазымы туралы айтты
-
Синоптиктер биыл көктемде Қазақстанның төрт облысында су тасқыны болатынын болжады
Журналистер қаржының мақсатсыз жұмсалу қаупі туралы сұрағанда, ол барлық процестер бақылауда болатынын жеткізді.
"Кез келген бақылаушы орган тексере алады. Егер заңбұзушылық болса, жауаптылар анықталады. Барлығы заң аясында – конкурс, тендер, жобалық-сметалық құжаттама, мемлекеттік сараптама бар. Сондықтан бұл жерде мәселе көріп тұрған жоқпын", – деп түйіндеді вице-премьер.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған