Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлдарына еден жуғызған Қыдырәлі Болманов желідегілерді таңғалдырды (видео)

Қыдырәлі Болманов балаларының тәрбиесіне жіті көңіл бөледі. Танымал өнер иесі жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан, бір күнінің жарты бөлігін перзенттеріне арнайды. Жуырда желіде қызықты видеосымен бөліскен Болманов бала тәрбиесі тақырыбына кеңінен тоқталды.

16465454_660767384102142_6345339938141110272_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Ұлдарына еден жуғызып, шаң сүрткізген ол балаларды ұрсып тәрбиелеуге болмайтынын сөз етті. Тіпті, бірдеңені қате жасаған жағдайда, оны жай сөзбен түсіндіру керектігін алға тартты.

«Бала тәрбиесі – ұрсудан, жекіруден емес, өз тілінде қоректендіру, сөйлесуден тұрмақ! Жақсы әдеттер қалыптастырудан құралмақ екен. «Перзенттеріңді көп сүйіңдер, жәннатта дәрежелерің көтерілмек!» (Буxари сүресі). Яғни жақсы көру, жақсы көретініңді білдіру. Тіпті еден жуатын шүберекпен “пианино” жуып жатса да жұқалап айтып, түсінбей тұрса келісе салу. Ең бастысы ниетін қолдау, көңілін қалдырмау!

Ата-анасынан көңілі қала берген бала, бара бара ешнәрсеге құлықсыз болмақ. Баланың анасына көмек көрсетейін, пайдалы нәрсе жасайын деген ниетінің қасында “пианиноны пол жуатын трәпкімен сүрткен” түкке тұрмайды. Қандай ұмтылысын да қолдаған жөн. Боламын деген баланың, бетінен қақпа, белін бу деген аталарымыз», – деп жазды Қыдырәлі Болманов.

Ал желідегілер анасына көмек қолын созған бүлдіршіндерге тәнті болды.

“Жүректер тәп-тәтті, Алла қаласа мен де ұлдарыма осындай тәрбие беремін”, “Өте дұрыс тәрбие, ұл демей, қыз демей, үй шаруасын барлық балаларға істеткен дұрыс”, “Қандай тәрбиелі балақайлар, бақытты жанұя”, “Аға, ұлдарыңыз мықты. Өте дұрыс мақтап қоясыз. Сен күштісің, әппақсың, ақылдысың десең айтқанды орындайды”, “Балалар Аяла өскенше анасына қолқанат, жарайсыңдар”, “Күшті, кеңесіңіз өте керемет, мен кейде есікті жуатынмен еден жуғаны үшін ұрсамын, енді есте болады”, – деп пікір білдірді олар.

Жіберіп алмаңыз:

Қарақат Әбілдина қызына “бесікке бөлеу” рәсімін өткізді (фото)

Бибігүл Төлегенова: Қазақ жігіттері байыса, 4-5 бала туған әйелін керек қылмайды

Жан Ахмадиев: Анамның айықпас дертке шалдығуына тек шындықты сүйетін өзімді кінәлаймын

Димаштың Астанадағы концертінде қандай әлем жұлдыздарының ән салатыны белгілі болды

Талқылау