Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлан-асыр той жасаймын: Суретші әйел сүйікті көрпесіне тұрмысқа шыққалы жатыр

Англияның Эксетера қаласында тұратын 49 жастағы суретші Паскаль Селлик тұрмысқа шықпақ. Алайда оның таңдауы қарсы жыныс өкіліне емес, жансыз затқа түскен. Ол – сүйікті көрпесі, деп жазады Stan.kz.

Ұлан-асыр той жасаймын: Суретші әйел сүйікті көрпесіне тұрмысқа шықпақ

Өз сөзінде Паскаль мұндай таңдау жасауына не себеп болғанын айтып берді.

«Менің көрпем – бұл менімен болған ең ұзақ, сенімді, жақын қарым-қатынас», – дейді Паскаль Селлик.

Суретші Әулие Валентин күнінің қарсаңында ұлан-асыр үйлену тойын жасап, қонақтарды шақырмақ. Тіпті, қандай қалыңдық көйлегін киетінін де ойластырып қойыпты. Ол мамық тәпішке, пүліштен тігілген түнгі көйлек пен халат киіп шығып, ең әдемі әрі ерекше қалыңдық болғысы келеді. Ал «күйеу жігітінің» қандай киім киетіні әзірге белгісіз.

«Өзімнің көрпемді қатты жақсы көретінім соншалықты, маған жылулық сыйлайтын тұрақты серігіммен қиылатын некеме көптеген қонақ куә болғанын қалаймын», – дейді әйел.

Ұлан-асыр той жасаймын: Суретші әйел сүйікті көрпесіне тұрмысқа шықпақ

Сонымен қатар ол тойы жоғары деңгейде өтуі үшін той ұйымдастырушысын жалдапты. Сондай-ақ, қонақтарға дресс-код туралы ескерткен. Қалыңдықтың талабы бойынша, қонақтардың бәрі пижама, түнде киетін көйлек және тәпішке киіп келуі тиіс. Сонымен қатар жұмсақ ойыншықтарды да ала келуге болады.

Суретші үйлену тойы өткеннен кейін 2 айға бал айына аттануды жоспарлап отыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау