Ұл қалаған ата-ана жаңа туған қызын тікенді қуысқа тастай салған (фото)
Ұлды болуды қалаған ата-ана дүниеге қыз келгеннен кейін ашуға мініп, оны тікенді қуысқа тастай салған. Жаңа туған сәби бір тылсым күштің құдіретімен аман қалды.
Бұл туралы ағылшын басылымы The Sun жазды.
Оқиға Үндістанның Гуджурат штатына қарасты Уна қаласында болған.
Нәрестені сол жерден кездейсоқ өтіп бара жатқан адам құтқарып қалған. Ол қыздың жылаған даусын естіпті.
Тікенек бірнеше жерін тіліп кеткен сәби қансырап жатқан. Алайда ештеңеге қарамастан, ол аман қалды. Куәгерлер тез арада құтқарушыларды шақырған, ал дәрігерлер жедел көмек көрсетіп, оны ауруханаға алып кеткен. Онда қыздың денесіне кіріп кеткен тікендерді шығарған. Ал біраз уақыттан кейін оның жағдайының бірқалыпты екенін хабарлапты.
Бұдан кейін полиция тастанды қыздың ата-анасын іздеуге кірісті. Олар ерлі-зайыптылар сәбиді әдейілеп тастап жіберген деп болжады.
Себебі Үндістанда қызды болу – қарғысқа ұшырағанмен тең. Ата-аналардың басым бөлігі болашақта тойға кететін шығынды ойлап қызды болуды қаламайды екен. Ал ұл қартайғанда қамқор болады деп есептейді үндістер.
Жіберіп алмаңыз:
Қытайда ғаламторға тәуелді балаларды қалай емдейді
Мас әйелмен жақындасқан үш жігітке дүре соғып, түрмеге қамайтын болды
Ерлі-зайыпты ғаламторда танымал болу үшін өз балаларын қорлап келген (видео)