Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украиналық саясаткер Трамппен кездескен Назарбаевқа тәнті болғанын мәлімдеді

Украиналық журналист, тележүргізуші және саясаткер Дмитрий Гордон “112 Украина” телеарнасындағы “Вечерний прайм” бағдарламасында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ президенті Дональд Трамппен өткізген келіссөздері туралы пікір білдірді. Тележүргізуші Қазақстан көшбасшысының жетістіктеріне таңданғанын айтты, деп жазады Stan.kz.

«АҚШ астанасы Вашингтонда 16-қаңтар күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев болды. Тұтастай алғанда, мен Назарбаевты көрнекті саясаткер деп санаймын. Посткеңес бойынша ең мықты президент, бастысы Дональд Трамппен бірге шығып, олардың қандай келісімге келгеніне мән беріп, керемет түсіністікке ие болғандарын көріп қызығып отырмын”, – дейді тележүргізуші.

“АҚШ-тың Қазақстандағы инвестициялары 50 миллиард долларды құрайды. Қазақстан экономикасының өзі қандай. Мен Алматыда болдым, онда адамдардың қалай өмір сүретінін мұқият бақылап көрдім. Шығыстың данасы, данышпан, сондай-ақ Украинада білім алған Назарбаевтың өз халқын саналы түрде өркендеуге әкесіндей жетелеп келе жатқанын көрдім. Қазір мен таңғалып сөйлеп жатырмын, мен шынымен де таңданып тұрмын»,- деп мақтаныш етеді тележүргізуші.

“Маған Горбачевтің өзі Назарбаев туралы көп айтқан. Өйткені, Горбачев оны КСРО-ның премьер-министрі етіп тағайындағысы келді. Міне қараңыздар, қазір ол америкалықтармен және Трамппен жақсы тіл табысып кетті. Келіссөздерден кейін баспасөз мәслихатын тыңдадым, Трамп Қазақстанның көшбасшысы туралы қызығарлықтай әңгімеледі», – деп еліміздің президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа таңданып,өз ойымен бөлісті.

Жіберіп алмаңыз:

Назарбаева әскери телеарна ашуды ұсынды

Мәжіліс төрағасы орысша баяндама жасайтын шенеуніктерге қазақша сөйлеген депутатты үлгі етті

Лукин Ақорда қақпасына соғылған Porsche көлігіне қатысты пікір білдірді

Депутат: Автобус жүргізушілерінің денсаулығын тексеру керек

Талқылау