Украина президентінің кортежі апатқа ұшырады: Кортеж балалар автобусын қағып кетті
Зеленскийдің кортежі балалар отырған автобусқа соғылды.Украина президентіні кортежінде мемлекеттік күзет басқармасының жеке құрамы отырды.
Украина президенті Владимир Зеленскийдің кортежі Запорож облысында апатқа ұшырады.
Жол-көлік оқиғасы үш көлікті қақтығысынан болды. Кортеждің Volkswagen Touareg көліктері автобусты қуып жетпек болған.
Зеленскийдің өзі көлік ішінде болған жоқ. Ол Киевке ұшақпен кеткен еді.
"30 жүргізушінің жартысы ғана штатта жұмыс істейді. Жұмыс кестесінің ауырлығынан жүргізушілер түнімен көз ілмейді", - деген ақпарат БАҚ-та жарияланды.
Кейінірек жүргізушілердің жеткіліксіздігі жайлы, олардың түнімен көз ілмейтіні жайлы ақпарат теріске шығарылды.
Оқиғаға микроавтобус жүргізушісі себепкер болды. Ол балалар автобусын басып өтпек болған. Автобус балалары сауықтыру орталығына жөнелтпек еді. Апат салдарынан автобустың бірі жыраға түсіп, басқа көліктер механикалық зақым алды.