Украина мен Ресей бейбіт келісімге 2025 жылы келуі мүмкін – БАҚ
Financial Time басылымының болжамына сәйкес Украина мен Ресей 2025 жылы бейбіт келісімге келуі мүмкін. Дегенмен Киев бұған дейін айырылып қалған аумақты Мәскеудің бақылауына беруге келісіп, бұл үшін қауіпсіздікке кепілдік ұсынуын талап етеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Evgeniy Maloletka/Copyright 2024 The AP
Дегенмен Украина өзі басып алған аумақты Мәскеудің бақылауына беруден бас тартады. Қызметке келетін АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге санкция салумен және Киевке көрсетілген көмекті күшейтетінін айтып сес көрсетеді. Бұл шаралар Мәскеуді бейбіт келесімге қол қоюға мәжбүрлейді, делінген басылым болжамында.
Сондай-ақ АҚШ-тың серіктес елдері Трампты Украинаны НАТО-ға қосудан бас тартпауға көндіреді.
Мәскеу Ресейге қарсы санкцияларды заңсыз деп санайды, ал Зеленский бұған дейін Ресей бақылауға алған Украина жерлерін беру арқылы келісімге қол қоймайтынын айтқан еді. Киевпен жер алмасу жөніндегі келіссөзден Ресей бас тартқан. Ресей 2022 жылдың ақпанында Украинаға басып кірді, осылайша екі ел үш жылдан бері соғысып келеді.