Украина мен АҚШ ресурстар туралы келісімшарт бойынша меморандумға қол қойды
Вашингтон мен Киев ресурстар жөніндегі мәміле бойынша келісімге келіп, келісім жасасу ниеті туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Instagram.com/svyrydenko.official
Украина экономика министрі Юлия Свириденко Instagram-дағы парақшасында жазба жариялады. Оның сөзінше, келесі қадам – құжатқа қол қою, одан кейін ел парламентінде ратификациялау процесі жүреді.
"Келісім АҚШ пен Украина арасындағы өзара тиімді серіктестікке, инфрақұрылымды жаңғыртуға және ірі инвестициялар тартуға мүмкіндік береді. Құжатта Украинаны қалпына келтіру жөніндегі инвестициялық қор құру туралы тармақ көрсетілген", — деп жазды ол.
Трамп келісім шартқа келесі аптада, 24 сәуірде қол қойылуы мүмкін екенін айтты. Ол бұл жайында сенімді түрде айтты.
Bloomberg мәліметінше, бұл келісім Америка Құрама Штаттарына табиғи ресурстарды өндіруден түсетін пайданы бірінші кезекте алу құқығын береді. Одан түскен пайда Украинаны қалпына келтіру қорына түседі әрі бұл қорды америкалықтар бақылайды.
Кеше америкалықтардың мәміле аясында Украинаға берілген қарызды $100 миллиардқа дейін төмендетуге келісім бергені белгілі болды. Вашингтон бұл қадамды Ресеймен соғыста Киевке көрсеткен қару-жарақ пен басқа да көмекті өтеу деп қабылдады. Дереккөздерге сәйкес, бастапқыда құжатта қарыз сомасы $300 миллиард деп көрсетілген еді, ал қазір ол $100 миллиардқа дейін төмендетілді. Киевте бұрын штаттардың қолдауын $90 миллиард деп бағалаған. Алайда Украина Байденнің билігі кезінде Штаттар тарапынан көрсетілген көмекті қарыз ретінде мойындамаған еді.
Бұған дейін Зеленский АҚШ-қа Украинаның пайдалы қазбаларын беру туралы келісімге қол қоймаған еді. Сондай-ақ АҚШ Украинамен табиғи ресурстар бойынша келісімге қол қоюдан бас тартқан еді.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
