Украина қауіпсіздік қызметі Қырым көпірінің тіректерін жарып жібергенін мәлімдеді – Бұл жағдай жөнінде не белгілі
Фото: Видеодан скриншот
Украина қауіпсіздік қызметі агенттері Қырым көпірінің тіректерін миналағанын және сейсенбі таңертең жарылғыш құрылғылардың бірі іске қосылғанын мәлімдеді. Қырым көпіріндегі жағдай туралы жедел ақпарат таратқан Telegram-арналардың бірі көпірде көлік қозғалысы уақытша жабылғанын жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Украина қауіпсіздік қызметі өкілдері "бірнеше айға созылған" арнайы операция аясында агенттері Қырым көпірінің тіректерін миналағанын мәлімдеме жасады.
"Алғашқы жарылғыш зат таңғы сағат 4:44-те іске қосылды, бейбіт тұрғындар арасында адам шығыны болған жоқ", – делінген хабарламада.
Ведомство басшысы Василий Малюк "Құдай Қасиетті Үштікті жақсы көретінін, Украина қауіпсіздік қызметі ойға алған ісін әрдайым соңына жеткізетінін және ешқашан қайталанбайтынын" мәлімдеді.
"Бұған дейін біз Қырым көпіріне 2022 және 2023 жылдары екі рет соққы жасадық. Сондықтан бүгін бұл дәстүрді су астында жалғастырдық", – деді ол.
Малюктің айтуынша, ресейлік әскерилер Қырым көпірін "өз әскерлерін қамтамасыз ететін логистикалық артерия" ретінде пайдаланады.