Украина батыстық серіктестерімен бірлесіп Ресейге қарсы құпия жоспар әзірлеп жатыр

Украина атысты тоқтату келісімі бұзылған жағдайда Ресейге қарсы құпия жоспар әзірлеп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Financial Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Украина Ресей болашақта атысты тоқтату туралы келісімді бұзған жағдайда қандай әрекетке баратынын нақты әскери жоспар бойынша бекіткен. Украина тарапы бұл жоспарды батыстық серіктестерімен бірлесіп жасаған. Бұл ақпаратты басылым дереккөздерге сілтеме жасап хабарлаған. Десе де ақпарат әлі расталған жоқ.
Жоспарға сәйкес, Ресей тарапы келісім бұзған жағдайда 24 сағат ішінде жауап берілуі тиіс. Бірінші қадам ретінде дипломатиялық ескерту жасалады. Қажет болған жағдайда украин армиясы араласады.
Украина, АҚШ және Ресей үшжақты кездесу өткізбек: Кездесудің қайда және қашан өтетіні белгілі болды
Егер қарулы қақтығыстар жалғасса, екінші кезеңде “ерікті бірлестік” әрекетке кіріседі. Бұл топқа көптеген ЕуроОдақ елдері, Ұлыбритания және Түркия кіреді. Ресейдің шабуылы кеңейсе, жоспарға сәйкес, АҚШ әскері де бірінші бұзушылықтан кейін 72 сағат ішінде жауап береді.
Басылым мәліметінше, бұл жоспар Украина, Еуропа және АҚШ өкілдерімен желтоқсан-қаңтар айларында бірнеше рет талқыланған.
Еске салсақ, бұған дейін Трамп Давоста өткен дүниежүзілік экономикалық форумда Путин мен Зеленский Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келісім жасауға дайын екенін мәлімдеген еді.
"Қазақстанға келгеніне небәрі 4-ақ жыл": Бұрынғы министр Қанат Шарлапаев туралы не белгілі және ол "Атамекенде" бизнесті қорғай ала ма