Үкіметте жаңажылдық дастарханның құны есептелді

Үкіметте қазақстандықтар жаңажылдық дастарқанға сатып алатын негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасына талдау жүргізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Азық-түлік себетінің құны айтарлықтай өскен жоқ. Бұл туралы үкіметтегі брифингте Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитетінің төрағасы Ернұр Жәутікбаев мәлімдеді.
Жаңа жылдық дастарқанның қымбаттауы мүмкін бе деген сұраққа жауап беріп, ол талдау ең сұранысқа ие өнімдер бойынша жүргізілгенін атап өтті.
"Азық-түлік себетіне қатысты талдау жүргізілді. Егер жаңажылдық себетке алынатын 37 түрлі өнімді алсақ, оның ішінде екі ыстық тағам бар, бұл тауық еті мен ет. Былтыр бұл шамамен 68 мың теңге болды, плюс-минус. Қазір шамамен 70 мың теңге, тағы плюс-минус", – деді Жәутікбаев.
Оның айтуынша, бағаның өсуі қалыпты және жаппай сипатта емес.
"Кейбір тауарлар арзандады, ал кейбірі, керісінше, сәл қымбаттады, жалпы қарқыны осындай", – дейді Сауда комитетінің төрағасы.
Ведомствоның мәліметінше, жалпы алғанда азық-түлік нарығындағы жағдай "тұрақты күйінде қалып отыр" және жаңа жылдық дастарқанға кіретін тауарлар бағасының күрт өсуі байқалмайды.
Жарыстан екінші орын алсам әкем ұрсып, скакалкамен ұратын — Әсел Қанай каратэден әлем чемпионатының қола жүлдегері