Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үкіметке маңызды жобалар үшін БЖЗҚ-дан қаржы алуға рұқсат берілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында стратегиялық жобаларды жүзеге асырғанда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан қаржы тартуға болатынын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

бжзқ

Фото: gov.kz

Тоқаевтың сөзінше, бизнестің кепілге қоятын мүлкінің болмауы нақты секторды кредиттеуге кедергі келтіреді.

"Сондықтан займды кепілдендіру құралдарын көбейту қажет. Үкімет салалық даму институттарымен бірлесіп, кепілдік қорын құру мәселесін пысықтауы керек. Банктердің, корпорациялардың, орталық және жергілікті билік органдарының жыл сайынғы жарнасы есебінен қаржыландырылатын мұндай қорлар бірқатар елде өз тиімділігін көрсетті. Сондай-ақ экономикалық қайтарымы жоғары стратегиялық жобаларды жүзеге асырған кезде Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорынан нарық шарттарына сай "ұзақ мерзімге берілетін" қаржыны анағұрлым белсенді тартуға болады", – деді ел басшысы. 

Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі банктерді сынға алып, “кезінде сіздерге көмектестік, енді сіздердің кезектеріңіз келді” деген еді. 

Талқылау