Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үкімет ұлттық қордан қосымша 2 триллион теңге алмақ

Мәжіліс депутаттары 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Депутат Татьяна Савельеваның айтуынша, заң жобасы екі негізгі бағыт бойынша республикалық бюджет көрсеткіштерінің өзгеруіне байланысты әзірленген.

"Біріншіден: 2024 жылға арналған кірістердің нақтыланған болжамы бекітілген жоспардан 2 триллион теңгеге төмендеуімен байланысты. Бұл ретте мақсатты трансферт түрінде ұлттық қордан қосымша 2 триллион теңге тарту жоспарланып отыр", – деді Савельева. 


Ұлттық қордың ақшасы не себепті жекеменшік банктерде сақталады – Премьер-министр жауап берді


Депутаттың айтуынша, республикалық бюджеттің шығыстары мен тапшылығының параметрлері үкімет енгізген түзетулерді ескере отырып және 2023 жылға арналған 61,3 млрд теңге көлеміндегі бюджет қалдықтарын пайдалана отырып өзгертілген.

"Осылайша, республикалық бюджеттің нақтыланған шығыстары бекітілген көрсеткішке қатысты 61,3 млрд теңгеге өседі. Биылғы республикалық бюджет тапшылығы 3,6 трлн теңге болды", – деді депутат. 

Еске салсақ, бұған дейін қазан айында ұлттық қордан 641 миллиард теңге алынғаны туралы жазған едік. 

Талқылау