Үкімет отырысына шенеуніктер сәнді Maybach көліктерімен келген
Фото: NewTimes
Үкімет үйінің алдында тізілген шетелдік көліктер көптің көзіне түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NewTimes сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Үкімет алдына шенеуніктердің қымбат көліктері жиналып қалған. Осы тұста қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл шенеуніктердің көліктеріне бюджеттен қанша қаржы бөлінетіні туралы сұраққа жауап берді.
"Бұл – әкімдіктердің құзырындағы мәселе. Бірақ тым сәнді көлік туралы айтсақ, иә, бұл шамадан тыс сән-салтанат деп ойлаймын. Біз бірнеше жылдан бері баса айтып келеміз. Бюджеттен ақша шенеуніктерге отандық көліктер үшін ғана бөлінеді", – деді Дәурен Кеңбейіл.
Индустрия және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков мемлекеттік сатып алу аясында көлік сатып алғанда шенеуніктер Қазақстанда жасалған көліктерге басымдық беруі керегін мәлімдеді.
"Қазақстанда жасалған көлік сатып алынуы керек. Бірақ қызмет туралы айтсақ, онда кез келген көлікті пайдалануға болады: оны сатып алуға да, жалға алуға да болады", – деді ол.
Үкімет ғимаратының жанынан "Тойотадан" қарапайым көлік байқалмапты. Көліктердің барлығы қымбат, жап-жаңа шетелдік көліктер дейді.
Осыдан бір-екі ай бұрын Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев күзетшілерімен сәнді Maybach мініп, шағын ауылға барды. Кейін әкімдіктегілер бұл көлікті сыйлық деп түсіндірді. Көліктің құны шамамен 55 миллион теңгеге бағаланып отыр.
Еске салсақ, желіде Алматы әкімінің сән-салтанатты кортежі қазақстандықтардың ашуын туғызған еді. Алайда әкімдік бұл Дархан Сатыбалдыға тиесілі емес деп ақталды.

Павлодарда "Қауіпсіз қала" жобасын іске асыруға 8,6 млрд теңге жұмсалмақ, Қытай Deep Seek-ті жасауға одан үш есе аз жұмсады – Депутат
