Угандада ЛГБТ өкілдері енді өлім жазасына кесіледі
Уганда заң шығарушылары ЛГБТ өкілдеріне қарсы ең қатал заңдардың бірін мақұлдады, оған сәйкес бір жынысты қарым-қатынас үшін адамдар өлім жазасына кесіледі, ал ЛГБТ деп танылған адамдар 20 жылға дейін түрмеге жабылады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі CNN арнасына сілтеме жасап.

Елде бір жынысты қатынастар бұған дейін де заңсыз болып, бас бостандығынан айырылған. Енді жаза қатаңдай түсті.
Заң жобасына сәйкес, өлім жазасы бір жынысты баланы, психикалық немесе физикалық кемістігі бар адамдарды келісімсіз немесе мәжбүрлеу арқылы жасалған жыныстық әрекеттерге қатысты қолданылады.
"Заң жобасының мақсаты – біржыныстағы қарым-қатынастың кез келген түріне тыйым салу немесе дәстүрлі отбасылық құндылықтарды, әртүрлі мәдениетімізді, сенімімізді қорғау", – деді депутат.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан