Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

UFC басшысы Дана Уайт жаңа бокс лигасын құрды

UFC президенті Дана Уайт пен Сауд Арабиясының Бас ойын-сауық басқармасының төрағасы Турки Әл аш-Шейх TKO Group Holdings-пен (UFC және WWE-дің бас компаниясы) серіктестікте жаңа бокс промоушенін құратынын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Meta.MMA

Жаңа ұйым UFC жүйесі бойынша жұмыс істейді. Уайт рингте тек үздіктерді ғана кездестіргісі келеді. Ұйым өкілдерінің айтуынша қазір әлемдегі атақты боксшылармен келісімдер жүргізілуде. Тіпті, мексикалық Сауль (Канело) Альвареспен де келіссөз жасалып қойған деген ақпараттар бар.

Бокс промоушенді Дана Уайт пен WWE президенті Ник Хан басқарады. UFC басшысы ұзақ уақыт бойы бокс индустриясын реформалағысы келетінін бұған дейін де айтқан еді. Алдағы уақытта жаңа промоушен құрылымдалған жүйе ұсына отырып, боксшыларға әділ жағдай жасап, жанкүйерлерге қызықты жекпе-жектер өткізеді. Ал Турки Әл аш-Шейх қаржылық жағынан ұйымға толық қолдау көрсетеді.

 

Талқылау