Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

УЕФА коэффиценттер кестесін жаңартты: Қазақстандық клубтардың орындары белгілі болды

Фото: UEFA

2024/25 жылғы еурокубок маусымының қорытындысы бойынша УЕФА коэффиценттер кестесін жаңартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстан 10.875 ұпай жинап, Еуропа ассоциациялары арасында 39-орынды сақтап қалды. Бұл көрсеткіштің арқасында келесі маусымда елден төрт клуб еурокубок турнирлеріне қатысады.

УЕФА-ның клубтық рейтингінде қазақстандық командалар келесі орындарды иеленіп отыр: "Астана" — 131-орын (12.000 ұпай), "Тобыл" — 183-орын (8.000), "Қайрат" — 264-орын (5.500), "Ордабасы" — 298-орын (4.500), "Ақтөбе" — 352-орын (3.000), "Шахтер" — 374-орын (2.500), "Қызылжар" — 387-орын (2.000), "Қайсар" — 388-орын (1.500). Бұл көрсеткіштер қазақстандық клубтардың соңғы бес маусымдағы еурокубоктардағы нәтижелеріне негізделген.

Айта кетейік, 2025/26 жылғы маусымда Қазақстанның атынан төрт клуб еурокубок бәсекелерінде ел намысын қорғайды. Ел чемпионы атанған "Қайрат" Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінен бастайды. Ел біріншілігінде екінші орын алған "Ақтөбе" Еуропа лигасында ойнайды. Ал "Астана" мен "Ордабасы" Конференциялар лигасында бақ сынайды.

Бұл командалардың сәтті өнер көрсетуі тек клубтық рейтингтерге ғана емес, Қазақстанның жалпы УЕФА коэффиценттер кестесіндегі орнына да оң әсер етіп, келешекте елге еурокубоктарға көбірек жолдама алуға мүмкіндік береді.

Абылайхан Палмағанбет
Сейсенбі, 03 Маусым, 2025 15:30
Талқылау