УЕФА "Қайраттың" тарихи жетістігіне назар аударды
Фото: championsleague
Еуропа футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде алматылық "Қайраттың" шотландиялық "Селтикті" жеңіп, топтық кезеңге шығуын ерекше атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұйымның ресми сайтында ойынға шолу жарияланып, әлеуметтік желілерінде де алматылықтардың жеңісі туралы жазылды.
"Қайрат" екі матчта да гол соғылмаған ойыннан кейін пенальти сериясында "Селтикті" жеңіп, алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды. Осылайша алматылық клуб Қазақстан тарихында бұл кезеңге шыққан екінші команда атанды. Бұған дейін 2015/16 маусымында "Астана" топтық кезеңде ойнаған еді", – деп жазды УЕФА.
Ұйымның Instagram парақшасында да "Алматылық "Қайрат" негізгі кезеңге өтті" деген жазба жарияланды.
Айта кетейік, екі матч та (Глазгода және Алматыда) 0:0 есебімен аяқталды. Пенальти сериясында "Қайрат" 3:2 есебімен басым түсті. Осы нәтиженің арқасында "Қайрат" тарихта алғаш рет Чемпиондар лигасында 9,3 млрд теңге табыс тапты.
Ал қазақстандық клубтың топтық кезеңдегі қарсыластары 28 тамызда белгілі болады.

"Эфирден қиып тастайды, концертке қатыстырмайды": Қазақстандық шоу-бизнес өкілдері хиджаб кигені үшін түрлі кемсітуге тап болған
