"Удай ақша сияқты": Айнұр Тұрсынбаева шетелде демалудың арзан жолын көрсетті
Айнұр Тұрсынбаева шетелде демалудың арзан жолын көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырып, шетелде демалу айтарлықтай қымбат емес екенін жеткізген. Ол қандай жолдар арқылы жақсы әрі қалта көтеретіндей демалуға болатынын айтып берді. Шетелге шықпаған адам үшін бұл қымбат көрінгенімен, қалауын тапсаң, қар жанатынын ұмытпағайсыздар дейді ол.
"Шетелге шықпаған адам үшін Анталияда демалу бір удай ақша сияқты көрінеді. Демалудын әр түрлі амалдар бар. Ертерек алып қойсаңыз арзанға түседі деген сияқты. Ақша мен уақыт ешқашан жетпейді ғой, сондықтан биыл қайткенде де шет елге демаламын деп мақсат қойсаңыз ақшаның реті өзімен өзі болып кетеді", - дейді айтыскер ақын.
Сонымен қатар Айнұр Тұрсынбаева нақты қалай арзан демалуға болатынын түсіндірген. Әуелі мақсат қойып, бағаларды іздеп, зерттеп көріңіз, жан-жақты қарасытырыңыз деп кеңес берді ол.
"Біздің қателігіміз алдымен ақша табайын, сосын қыдырамын деп ойлаймыз. Адамға алдымен максат керек. Ақша сол мақсатыңызға байланысты табылады. Сенбесеңіз тура осылай жасап көріңіз. Турфирмаларсыз өзіңіз интернеттен зерттеп қарасаңыз Анталияға Өскеменнен, Ақтау, Шымкенттен билеттер өте арзан", - дейді Айнұр Тұрсынбаева.