Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Уақыттың өзгеруінің қазақстандықтарға әсерін зерттеуге 54 миллион теңге жұмсалады

Ғылым және жоғары білім министрлігі уақыттың өзгеруінің қазақстандықтарға әсері туралы кешенді зерттеу жүргізуге бөлінген бюджетті 100 миллионнан 54 миллион теңгеге дейін қысқартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Осыған дейін Қазақстан үкіметі үш жыл ішінде уақыт өзгерісінің халыққа әсерін зерттеуді жоспарлаған болатын. Бірақ депутаттар бұл жұмысты үш ай ішінде аяқтап, 2025 жылдың наурызында қорытындысын ұсынуды талап етті. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ғылыми зерттеулерге шамамен 100 миллион теңге бөлінетінін мәлімдеген еді. 

Жарияланған байқауда максималды қаржыландыру сомасы – 54 миллион теңге. Байқау 26 желтоқсанда басталып, 2025 жылдың 25 қаңтарына дейін жалғасады.


Қазақстанда уақыт белдеуінің өзгеруіне байланысты кафелер мен мейрамханалар жаппай жабылып жатыр


2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар аясында жарияланған байқауда "Өмір және денсаулық ғылымдары" бағыты бойынша зерттеулер жүргізу жоспарланған. Бұл бағытта халықтың психикалық және физикалық денсаулығына бірыңғай уақытқа көшу әсерін бағалап, анықталған кері әсерлерді барынша азайтуға арналған ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеу қажет.

“Денсаулыққа әсер ететін негізгі факторларды анықтау үшін астрономиялық уақыттың әртүрлі ел тұрғындарының психикалық және физикалық денсаулығына әсер ету заңдылықтары зерттеліп талдануы қажет. Сонымен қатар, циркадиялық ырғақ бұзылыстарының әртүрлі аурулардың дамуына әсерін бағалау және ақыр соңында олардың алдын алу бойынша дәлелді ұсыныстарды әзірленбек. Бағдарламаның нәтижелері "жағымсыз әсерлердің бар немесе жоқтығы туралы нақты дәлелдерді" қамтамасыз етуі керек”, – делінген құжаттамада. 

Уақыттың ауысыуының халықтың денсаулығына әсері туралы деректерді жан-жақты талдай отырып, ғылыми негізделген қорытынды жариялануы шарт. Қорытынды бойынша мамандар мемлекеттік органдарға уақыт белдеуіне қатысты өз ұсыныстарын айтатын болады.

Еске салсақ, бұған дейін премьер-министр бірыңғай уақытқа байланысты мәселелер туындаған өңірлерде жұмыс кестесі мен жарықтандыруды өзгертуді ұсынғаны туралы жазған едік.

Талқылау