Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Уақытымды босқа жоғалтқым келмейді": Трамп Путинмен кездесуге қатысты пікір білдірді

кездесу кейінге қалдыФото: flickr.com / Trump White House Archived 

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен болатын кездесуге қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The New York Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Трамп Ақ үйде журналистердің сұрағына жауап берді. Тілшілер Трамптан неге Путинмен кездесу кейінге шегерілгенін сұрады. 

“Мен кездесуді босқа өткізгім келмейді. Уақытымды текке жоғалтқым келмейді, сондықтан жағдайдың қалай өрбитінін көремін”, – деп жауап берді Трамп.


Путин Трампқа Украинадан Донбасты алу жоспары барын айтқан, ал Зеленский не дейді


"Миллиардерлер елді құртып жатыр": АҚШ-та 7 миллион адам Трампқа қарсы жаппай наразылыққа шықты (видео)


Сондай-ақ Трамп алдағы екі күн ішінде Ресей мен Украинаға қатысты ұстанымын айқындауға көмектесетін жаңа мәліметтер күтетінін айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Биыл 16 тамызда Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп арасындаАляскада келіссөз өткен еді. Дегенмен бұл кездесу нәтижесіз аяқталған. Енді олар екінші рет Будапештте кездеспек. 

Жұмаділлә Нұрила
Сәрсенбі, 22 Қазан, 2025 10:54
Талқылау