Белгілі уағызшы қожалардың неліктен қыз бермейтінін айтып берді (видео)
Қожалар не себепті қазақтан қыз алып, қыз бермейді? Мұның себебін белгілі уағызшы Әбдіғаппар Сманов түсіндіріп берді.
«Қожаларда сондай ұғым болған. Бірақ қараға қыз бермеу керек дегенді қожалар шығармаған. Кешегі біздің үш биіміз қожаларды құрмет қылған. Құрметтегені сондай, «Біз сіздерге қыз берейік те, сіздерден қыз алмайық. Себебі ұрыс-керіс болып, сіздердің қызыңызды біздің ұлымыз балағаттап қоятын болса, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) тиіп кетеді. Ертең Пайғамбарымыздың жүзіне қалай қараймыз?» деп, осындай келісімге келген», – деп түсіндірді ол.
Әбдіғаппар Сманов сөз арасында қожа қожалығын тек қана дінмен көрсете алатынын айтты.«Әйтпесе пешенесіне қожа деп жазылса да, ол қожа бола алмайды», – дейді ол.
Тағы да оқыңыз:
ОҚО-да әйел 4 жасар науқас баласын ауруханада тұншықтырып өлтірмек болды
Жас жігіт садақа жәшігінен ақша ұрлап, Аллаға хат қалдырып кеткен
Ақтөбе облысының бас дәрігері өзі өлген соң ағзасын алуға рұқсат берді