"Уәдесін бір жыл күттім": Диана Исмаил Төреғали Төреәлімен не байланыстыратынын жасырмады
Жастардың жүрегінен орын алған “Уәде қайда?” әнінің авторы Диана Исмаил әнші Төреғали Төреәлімен қалай танысқанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ашық дереккөз
Сазгер "Late night show with Dinara Satzhan" бағдарламасында өнер иесінен ұсыныс түскен сәтті есіне алды.
“Негізі бұл әнді Төрешпен айтамын деп ойламадым. Өзім орындаймын деп жазып бастағанмын. Бір күні анама қарадым да студенттік кездегі жігіттерін есіне алып, әкеммен әзілдесіп отырғанын байқап қалдым. Сол сәтте "анда апарам дегенің қайда, мында апарам дегенің қайда?" деген тұсы ойыма оралды. Әннің шығуына ата-анам себепкер болды", – дейді ән авторы.
-
"Тегін тамақ тарату арманым еді": Төреғали Төреәлі көшеде тегін шұжық таратты
-
"250 мың теңгеге сатып алды": Диана Исмаил Ерке Есмахан орындайтын "Қайда"әнінің тарихын айтып берді
Айтуынша, туынды жеке өміріне қатысты екенін де жасырмады. Жігіттер құр уәде беріп, кейін сөзінде тұрмағандар да көп болған.
“Төреш менен "Мынау қандай ән?" сұрады, сосын "Диана, мұны дуэт етіп жазсақ қалай болады?" деген ұсыныс айтты. Содан кейін жоқ болып кетті. Сол айтқаннан кейін хабарласпады. Мен ол кісіні бір жыл күттім. Уәдені үйіп-төгіп, кейін жоқ болып жігіттердің қатарынан ба деп ойладым. "Уәде қайда?" деп өзім хабарластым. Сіз менімен өлең айтамын деп едіңіз ғой. Мен шығарайын енді бұл әнді. "Босқа жата бере ме?" деп соңынан жүрдім. Сөйтіп, әнді жазып, бейнеклип түсірдік. Халық жақсы қабылдады", – дейді Диана Исмаил.
Еске салайық, өнер иесі “Төреғалидің тоқалы емеспін, бірақ бәйбіше болуға дайынмын” деп елді күлдірген еді.