Тәрбиеші баланың жоқ екенін білмеген: Оралда бүлдіршін балабақшада жоғалып кеткен
Оралдағы балабақшада бүлдіршін жоғалып, тәрбиеші ол туралы тіпті білмей қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Маленький принц" бөбекжайында балалар тәрбиешілермен бірге таңғы серуенге шыққан кезде балалардың бірі шығып кеткен. Баланың анасы оқиғасын Мой город Telegram-арнасына бөлісті. Айтуынша, көшеде бір қыз жалғыз жүрген баланы байқап, оны алып келген.
“Олар баланың жоғалып кеткені тек ұлымды көшедегі қыз алып келгенде білген. Оған дейін телефонмен ештеңеге мән бермей, отырыпты . Балабақшаның қақпасы ашық,с онда күзетші мен осының бәрін бақылайтын меңгеруші қайда?”, – деді ана.
Stan.kz тілшісі БҚО білім басқармасынан оқиға туралы сұрап білді.
"Маленький принц" жеке балабақшасында баланың қашып кету оқиғасы бойынша анықтау жұмыстары жүргізілді. Баланың қауіпсіздігін тиісті деңгейде қадағаламаған тәрбиеші 4 шілде күні жұмысынан шығып кетті. Бүгін білім беру бөлімінде балабақша директорларымен Полиция департаменті өкілдерінің қатысуымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жазатайым оқиғалардың алдын алу бағытында арнайы жиналыс өткізілді", - деп хабарлады ведомстводан.