Тыржалаңаш отырған мектеп директорын суретке түсіріп алған оқушылардың басы дауға қалды
Калифорния штатында орта мектептің оқушылары бір-біріне жалағаш директордың суретін таратқан.
Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.
Clayton Valley Charter High School мектебінің директорын оқушылардың бірі құпия түрде спортзалдың киім ауыстыру бөлмесінде түсіріп алған. Ақырында сурет жылдам түрде түрлі мессенджерлерде таралып кете барған.
Ал мектеп басшылығы болса бірден қатаң шара қабылдап, барлық телефондарды тексерген. Нәтижесінде фото авторы мектептен шығарылып, ал сурет табылған телефон иелері уақытша сабақтардан шеттетілген.
“Олар барлығын кабинетке шақырып алып телефондарды тексеруге бермесе мектептен шығарамыз деп қорқытты. Бұл заңға қарсы”, – дейді жоғары сынып оқушыларының бірі Алисса Гуэвара.
Ал мектептің өкілдері болса оқушылар тәртібіне аса қатаң қарайтындықтарын және оларға қатысты оқиғаларға түсініктеме бермейтіндерін айтыпты.
Оқи отырыңыз:
Индонезияда ойнас жасағандарға жұрттың көзінше дүре соғылды (фото)
АҚШ-та әкесімен ақшаға бәстескен балақай жабайы бұқаның үстінен секіріп өтпекші болды (видео)
Эминем мен Рианнаның әнін шырқаған тотықұс желіде жұлдызға айналды (видео)