Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жары балаларынан сыйлыққа 501 раушан гүлін алды

Мөлдір Мұқановаға балалары 501 раушан сыйладыФото: Видеодан скриншот

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі, әнші Мөлдір Мұқановаға балалары тосынсый жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, балаларының 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай қандай сыйлық жасағанын көрсетті.

Өнер иелерінің бес баласы аналарына ақ раушан гүлдеріне толы алып себет сыйлады.

“501 раушан. Сіз жақсы көретін ақ раушандар”, – деді қыздары.

Мөлдір Мұқанова таңғалып, мұндайға бірден сене алмады. Оның айтуынша, ол бұрын-соңды мұншалық көп гүл алып көрмеген.

“Бұдан азына келіспейміз”, – деп әзілдеді балалары.

Бұған продюсер де “Енді тек 502, 503 раушан ба?” деп жауап беріп, қуанышын жасыра алмады.

Жылы видео желіде 900 мыңнан астам қаралып жинап, 50 мыңға жуық адам ұнатқан.


"Оған жаным ашиды": Мөлдір Мұқанова әнші Бақыт Тұрманның мәлімдемесіне жауап берді

"Маған өзі жазды": Бақыт Тұрман продюсер Мөлдір Мұқановамен қандай қарым-қатынаста екенін айтты


Айта кетейік, бұған дейін қыздары тосынсый жасаған Мөлдір Мұқанова жылап қалғаны хабарланған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Сейсенбі, 10 Наурыз, 2026 23:39