"Тұрсеннің туған күніне торт жасап берген": Баян Мақсатқызы ұйымдастырған "Алтын ханым" байқауының жеңімпазына қатысты шу шықты
Фото: Видеодан скриншот
Танымал продюсер Баян Мақсатқызының жобасы “Алтын ханым” байқауының нәтижесі қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айта кетейік, қарапайым әйелдерден құралған байқау елімізде бірінші рет өткізіліп отыр.
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Ақтөбе қаласынан келген кәсіпкер Самал Асанова жеңіп алды. Ол – "Samal_cakes" кондитер үйінің иесі.
“Баян Мақсатқызы мен "Алтын Ханым" командасына шексіз алғысымды білдіремін. Сондай-ақ мені қолдаған, дауыс берген әрқайсыңызға мың алғыс! Бұл жеңіс – біздің ортақ жетістігіміз, сіздердің сенімдеріңіз бен қолдауларыңыздың арқасы”, – деп жазды кәсіпкер әйел.
-
"Ақша төлеуің керек": Желі қолданушысы Баян Мақсатқызының жобасын сынады
-
"Мақтау қағазын аламыз деп ойлады": Тұрсен Алагөзов қызметкерлеріне 100 пәтердің кілтін сыйлады
Алайда жобаның өту барысы желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды. Әсіресе, кейбір қатысушыларға ынталандыру ретінде гүл де бермегенін желі қолданушылары сынады.
“Қалғандарына тым болмаса гүл бермеді ме?", "Бұл әділетсіз деп ойлаймын. Себебі, Самалдың аудиториясы үлкен әрі белсенді", "Ақтөбеліктердің ауызбіршілігі күшті екен", “Тұрсеннің туған күнінде торт пісірген келіншек жеңімпаз болды”, “Қаншама қатысушыларға обал болды. Олардың аудиториялары үлкен емес”– деп жазды көпшілік.
Еске салайық, "Алтын ханым" байқауының жүлдегеріне қымбат рубин тасы бар тәж бен автокөлік берілетінін жазған едік.
@samal_asanova Торт 120кг
♬ оригинальный звук - Samal Assanova

"Есік-терезе жақтаулары бүлінген, едені тесік": Алматылық RAMS Qazaqstan-нан 85 миллион теңгеге алған пәтеріне шағымданды
