Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрсен Алагөзов 100 пәтер сыйлауына бизнесмен Нұрлан Смағұловтың шабыт бергенін айтты

Коллаж: Stan.kz

Тұрсын Алагөзовтің қызметкерлеріне 100 пәтер сыйлауына Нұрлан Смағұлов шабыт берген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бизнес өкілі блогер Айсәуле Бақытбектің студиясында қонақ болып, жеке өмір мен бизнеске қатысты сұрақтарға жауап берді. 

"Қызметкерлеріме пәтер сыйлау идеясы қараша айында келген. Жазда Нұрлан Смагұлов су тасқыны кезінде оралдықтарға 280 үй салып бергенін оқыдым. Сол кезде-ақ үй салуға қатысты кететін шығынды есептедім. Нұрланға қатты риза болдым. Ол менің қызметкерлеріме пәтер сыйлауға идея берді. Бизнесте ақшаның жетпеуі – заңдылық. Жыл сайын ғимарат пен зауыт салып жатырмыз. Бір мезгіл үй алуға мүмкіндігі жетпейтін әріптестеріміз туралы да ойлауымыз керек”, – деді Тұрсен Алагөзов.



Одан кейін кәсіпкер ел айтып жүрген әңгімені де жоққа шығарды. 

“Егер компания қызметкері жұмыстан шығатын болса, үй өзінде қалады. Әр қызметкердің атына үйді аударып бердік. Бүгін үй алып, ертең жұмыстан шықса да болады. Қызметкерлерге ешқандай талап қоймадық. LG компаниясынан теледидарды көтерме бағамен сатып алып бергім келеді. Әр пәтерге керек дүниелерді сыйлайын деп тұрмын. Кішігірім теледидар, тоңазытқыш алып береміз. Біз қазір осыларды әр пәтерге орналастыру бойынша жұмыс істеп жатырмыз", – дейді кәсіпкер.  

Гүлдана Нұрлыханова
Бейсенбі, 26 Маусым, 2025 16:32
Талқылау