Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрғын үйлерді басқарудың екі түрі ғана қалдырылды: Тоқаев тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне қатысты заңға қол қойды

Фото: gov.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және экспорттық-кредиттік агенттіктің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың Telegram-дағы арнасына сілтеме  жасап хабарлайды.

Заң Жер, Кәсіпкерлік, Азаматтық процестік, Әлеуметтік және Су кодекстеріне, сондай-ақ 23 заңға түзетулер енгізді.

Түзетулердің бірінші блогы көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған. Заң көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жай серіктестік нысанын жойып, басқарудың екі түрі ғана сақталған: МИБ (меншік иелері бірлестігі) және ТББ (тікелей бірлесіп басқару).

Түзетулердің екінші блогы салық заңнамасына енгізілген өзгерістерге байланысты. Заң, сонымен қатар, декларациялау мәселелерінде құқықтық айқындықты арттыруға және Салық кодексінің ережелеріне сілтеме нормаларды өзектендіруге бағытталған басқа да түзетулерді қамтыған.

Айта кетейік, сондай-ақ, президент бүгін, яғни 15 шілдеде жаңа салық кодексіне қол қойды.

Аида Тақабаева
Сейсенбі, 15 Шілде, 2025 15:50
Талқылау