Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы арқылы баспаналы боламыз деп 346 миллион теңгеге алданып қалған

Алматыда полицейлер ірі алаяқтық схеманы әшкерелеп, үш әйелді ұстады. Азаматтарға келтірілген жалпы шығын 346 миллион теңгеден асады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: hibiny.ru

Алматы қалалық полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Айбат Мұрзамадиевтің айтуынша, қылмыскерлер халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатысуды ұсынып, алдап кеткен.

Олардың алаяқтық әрекетінің салдарынан көптеген азаматтар материалдық шығынға ұшырады.



“Аталған факті Қылмыстық кодекстің 190-бап 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынып, тергеу амалдары жүруде. Полиция зардап шеккендер мен қылмыстық әрекеттің қосымша эпизодтарын анықтау бойынша шаралар қабылдап жатыр”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде алаяқтар адамдардан "кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түстің" деп ақша бопсалағаны туралы жазған едік. 

Талқылау