Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тұран" футбол клубы бапкерлік штабпен және 12 шетелдік футболшымен қош айтысты

 

Фото: instagram.com / fc.turan

Түркістандық "Тұран" футбол клубы маусым ортасында командадағы бірнеше ойыншымен келісімшартты тоқтатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Тұран" футбол клубының бас бапкері Виталий Жуковский және оның көмекшілері Павел Плют пен Андрей Мисюк өз қызметтерін тоқтатты.

Басшылықтың хабарлауынша, бапкерлік штабтан бөлек команда қатарынан бірден он екі шетелдік футболшы кетті.

Олардың ішінде екі черногориялық ойыншы — Йован Пайович пен Горан Милойко бар. Сонымен қатар, Беларусь елінен келген төрт футболшымен — Руслан Юденков, Игорь Стасевич, Василий Совпель және Егор Хаткевичпен келісімшарттар өзара келісім бойынша бұзылды.

Сондай-ақ, ресейлік екі ойыншы — Лука Згурский мен Константин Дорофеев те команданың ойыншылар тізімінен шығарылды.

Клуб сапынан өзбекстандық футболшыларда екі-жақты келісімге келіп, клуб сапынан кетті. Шохбоз Умаров, Бехрузбек Аскаров, Хуршид Мухторов және Одылбек Абдумажитов командадан кетті.

Айта кетейік, Қазақстан Премьер-лигасының 13 турында "Тұран" 11 ұпай жинап, турнирлік кестеде 12-орынға орналасқан.

Абылайхан Палмағанбет
Сейсенбі, 24 Маусым, 2025 21:11
Талқылау