Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тыр жалаңаш көлік айдаған әйел сағатына 200 шақырым жылдамдықпен полициядан қашқан

Америкадағы Огайо штатының полициясы тыр жалаңаш күйінде көлік ұрлап қашпақшы болған әйелді ұстады.

Безымянный

Фото: Gtuu.com

Бұл туралы Metro басылымы хабарлайды.

Құқық қорғау органдарының айтуынша, 30 жастағы Шелли Джойнер көлік тізгінінде тыр жалаңаш күйінде отырған.

Бақылау жүргізіп жүрген полицейлер тұрақта тұрған автокөлік қасындағы әйелді көреді. Тәртіп сақшылары бірден қасына келіп, көмек керек пе деп сұрамақшы болады. Алайда сол мезетте әйелдің жалаңаш екенін байқайды. Полицейлерді көрген Шелли Джойнер бірден көлігін оталдырып тайып тұрған. Артынша сақшылар да ізге түседі.

Джойнер көлікті сағатына 200 шақырым жылдамдықпен айдайды. Полицейлер ақыры әйелді ұстау үшін жолды жабуға мәжбүр болады. Ұсталған кезде оның киімдері артқы салонда жатқан.

Полицейлердің айтуынша, түсініксіз бірдеңелерді міңгірлеген әйел бірде-бір сұраққа жауап бермеген. Ол есірткіге қатты мас болғандықтан шешініп тастаған болуы мүмкін. Енді әйелді сот күтіп тұр.

Оқи отырыңыз:

Студент банк қателесіп аударған $4,6 миллионды толықтай құртып жіберген (фото)

Қытайда жүргізуші құздан құлап кетерден бір секунд бұрын көліктен секіріп кетті (видео)

Пластиканың әлемдегі ең танымал құрбаны Джоселин көңілдесіне қайшы сұғып өлтірмек болды (фото)

Кездейсоқ миллион долларға ие болып шыға келген жігіт қиындыққа толы өмірі туралы айтып берді

Талқылау