"Тұңғыш кітабы жарық көрді": Жұлдыз Өмірғали Айқынның бірінші әйеліне қолдау білдірді
Фото: https://www.instagram.com/assel_tolepbergen/
Белгілі әнші Айқын Төлепбергеннің жұбайы Жұлдыз Өмірғали оның бірінші әйелі Әсел Төлепбергенге ақжарма тілегін білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесінің бірінші жұбайы Әсел Төлепберген “Таңбалы жол” атты кітабын жазды. Жұлдыз Өмірғали Instagram-дағы сторисінде жарық көретін кітапқа сәттілік тіледі.
“Тұңғыш кітабының жарық көруімен құттықтаймын. Влог түсіре бастағаның да құтты болсын. Табыс тілеймін. Оқырманның көңілінен шығатын кітап болсын”, – деп жазды Жұлдыз.
-
"Сүйіскендерің тарихта қалмайды": Айқын мен Жұлдыздың Берлиндегі фотосы қызу талқыға түсті
-
"5-6 жылдан кейін қайтып келеді": Айқын Төлепберген өнерді тастап, дін жолына түскен әріптестеріне қатысты пікір білдірді
Кітап авторы да жұлдызды жұпқа бақыт тілеп, алғысын жаудырды.
“Мың да бір рақмет, Айқын! Жұлдыз саған да рақмет! Қолдауың мен шынайы жүрегіңнің ашықтығына риза болдым. Сенің жаңалығыма деген реакцияң мені елең еткізді”, – деп жазды Әсел Төлепберген.
Еске салайық, Айқын Төлепберген экс әйелінің тұрмысқа шығуына рұқсатын бергенін жазған едік.
“Бірінші әйелімнің тұрмысқа шығуына бастапқы жылда қарсы болдым. Өйткені балалар кішкентай еді. Бір кезеңнен өту керек болды. Балалар өскесін, жеке өміріңе де уақыт табылады деп шарт қойғаным рас. Қазір балалар өскесін, екінші рет тұрмысқа шығуға келісімімді бердім. Ара-қатынасымыз жақсы. Ол кісінің ақылдылығының арқасында осындай күнге жеттік. Өте дана әйел”, – деген еді әнші.