Тыңдарманы Кенталдың микрофонын тартып алып бермей қойған
Тыңдарманы Кенталдың қолынан микрофонды тартып алып, әнді соңына дейін өзі орындап шыққан. Бойжеткен бұл әрекетін айтылып жатқан “Далида” әнін қатты жақсы көретіндігімен түсіндірген.
Фото: instagram.com/kentalkz/
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Мерекелік кештердің бірінде “Далида” әнін орындап тұрған әншінің қолынан микрофонды тартып алып, тыңдарманы аталған әнді соңына дейін өзі орындап шыққан.
“Мен суретке түсемін дегенше бір бойжеткен “Құдайым-ай! Бұл менің сүйікті әнім ғой! деп микрофонымды қолымнан тартып алды. Әнді аяғына дейін өзі орындап шықты. Осылай бір қызық болды. Бойжеткенге “Далида” әні қатты ұнайды екен. Ең бастысы, екеуіміз қайта татуластық”, – дейді Кентал.
Бұл жағдайды білген тыңдармандары өздері де бойжеткеннің орнында болса, дәл осылай жасайтынын айтып жатыр.
Естеріңізде болса, әнші Кенталдың халық арасынан жылауық қыз іздеп жүргені туралы хабарлаған болатынбыз.
Талқылау