Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тыңдарман “Жігіттер” квартетіне ұзындығы 150 метрге созылатын хат жіберген

“Жігіттер” квартетіне биыл 13 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында жанкүйерлер (әсіресе нәзік жандылар) топ мүшелеріне әртүрлі сый-сыяпаттар жасады. Квартеттің пікірінше, олардың ең ерегі ұзындығы 150 метрге дейін созылатын хат.

Жігіттер-210217

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Құрылғанына 13 жыл толған “Жігіттер” квартеті биылғы жылы аналар күнінде концерт өткізбек. Бұл ретте топтың желідегі парақшасында “Жігіттер” туралы ең қызықты 5 түрлі дерек жария етілді.

Біріншіден, “Жігіттердің” сахнада жүргеніне 13 жыл. 13 жыл ішінде Астана мен Алматыда 10 үлкен кеш, ал, еліміздің өңірлерінде 100-ге жуық концерт берген.

Екіншіден, квартеттің жарықсыз концерт берген кезі болған. Есік қаласында концерт басталар шақта жарық сөніп қалыпты. Тығырықтан шығуға мәжбүр болған “Жігіттер” 2 сағат бойы кезек-кезек әртүрлі аспаптардың сүйемелдеуімен əн айтқан.

Үшіншісі, “Жігіттердің” 13 жыл ішінде алған ең ерекше сыйлығы – тыңдарманнан келген 150 метрлік хат.

Келесі қызықты мәлімет, Алматыдағы концерттен түскен гүлдерді төртеуі бөлісіп, үйлеріне алып кетеді. Ал, өзге қалада алған гүлдерді концерт залында, қонақ үйде, мейрамханада қызмет ететін қыз-келіншектерге таратып береді.

Ақырғысы, “Жігіттер” жанды дауыста əн айтып тұрғанда аяқ асты тамақтары жыбырлап, түшкіргісі келіп, жөтел қысқан кездері болған. Ондайда ауызды жауып болдырмауға тырысады не билеген болып, білдіртпестен теріс қарап жөтеліп алады екен.

Жіберіп алмаңыз:

Ғаламда жоқ дауыс: Әртүрлі ел өкілдері Димаш жайлы не дейді?

Сүйіктісі Мақпал Исабекованың туған күніне естен кетпес тосынсый жасады (видео)

Аша Матай үш ай ішінде 27 кг тастағанын айтып мақтанды

Дизайнер Жадо 8 баласымен адам шошырлық жағдайда тұрып жатқан анаға көмек көрсетті (видео)

Талқылау