Тұмсығы маймылға ұқсас лақ ауыл тұрғындарын шошытты
Мысырдағы Асют губернаторының әл-Хидая ауылында тұмсығы маймылға ұқсас лақ туды. Ерекше жаратылыс жергілікті тұрғындарды шошытты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жануардың иесі ешкісі осындай таңғажайып лақты туғанда аң-таң қалғанын жасырмайды. Десе де мутант туғаннан екі күн өткен соң өліп қалған.
Ерекше лақтың суреттері әлеуметтік желілерде тез таралып кетті. Кейбір желі оқырмандары жануардың сұрықсыз бейнесі – екі түрлі жануарларды жақындастыру нәтижесі деп мәлімдеді.
Каир университетінің Ветеринарлық медицина факультетінің деканы Иман Бакр туа біткен ақау ата-аналық гендермен немесе ешкі буаз кезінде токсиндердің әсерінен туындауы мүмкін дейді.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі