"Тұқым қыздан тарайды": Жанар Айжанованың немере мен жиенге қатысты пікірі қоғамда дау туғызды
Танымал әнші Жанар Айжанованың немере мен жиенге қатысты пікірі қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скриншот
Өнер иесі қазақ қоғамы немере мен жиенді бөлетінін сынады. Толығырақ журналист Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында түсіндірді.
“Қыздан туған бала немере емес дейді. Ол қалай сонда? Қыздан туған бала немере болмайды дегенге келіспеймін. Қыздан туған бала да немере саналады. Немеренің екі атасы, екі әжесі болады: нағашы атасы мен нағашы әжесі және өз атасы мен әжесі. Қалған нағашыларына жиен болады. Бірақ тұқым негізі қыздан тарайды. Ол өзінің туған атасы мен әжесімен қатарласып, құрдасындай ойнап өсуі керек. Ал нағашы атасы мен әжесімен олай еркін ойнай алмайды", – деді әнші.
-
Дизайнер Айжұлдыз Адайбековаға жігіті Исландиядағы сарқырамада тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады
-
"Тағы да бөпелі болармыз": Айжұлдыз Адайбекова жеке өміріне қатысты құпияны ашты
Желі қолданушылары өнер иесін аямай сынап, ата-балаларымыздың айтып кеткенін алға тартып жатыр.
“Өзінде қыз болғасын жиен дегенді қабылдағысы келмей отыр”, “Ұлдың баласы – немере, қыздың баласы – жиен”, “Тұқым ұлдан тарайды емес пе?!”, “Жанардың мына сөзіне қай бетімді шымшиын?!”, “Қыздан туған баланы жеті атаға кірістіре ме?!”, “Қызыңыздың баласы сізге жиен, сіз оған нағашы әже боласыз”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, Жанар Айжанова "Хутор" бандасына қатысы бары айтылған Хасанмен бірге түскен фотосына пікір білдірген еді.