Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Twitter компаниясы АҚШ билігін сотқа берді

Twitter компаниясы АҚШ билігін сотқа берді. Себебі  Ақ үй әкімшілігі әлеуметтік желілерде лақап атпен Трамптың саясатын сынайтын адамдардың кім екенін анықтап беруді талап еткен.

twitter-nyse

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Алайда компания басшылығы әр адам АҚШ конституциясы бойынша жеке пікірін білдіруге құқылы екенін айтып, оны сотта дәлелдеп бермекші.

Twitter өз шағымын Сан-Франциско сотына түсірген. Құжатта компания соттан АҚШ  Ішкі қауіпсіздік министрлігі мен Шекара қызметінің талаптарына тосқауыл қоюды сұрайды.  Дональд Трамптың иммиграцияға қатысты саясаты көпшіліктің наразылығын туғызғаны белгілі. Осыған қатысты әлеуметтік желілерде президентті сынайтын қатарынан бірнеше аккаунт пайда болған.


Жіберіп алмаңыз:

Дәрігерлер толғағы қысқан әйелді босандыра алмай сәбидің басын кесіп тастаған

Алматыда балалар үйінің басшылары тәрбиеленушілеріне діни ағым туралы фильм көрсетіп, уағыз айтады

Қытайлық хирургтер науқастың жұлынған қолын аяғына жалғап құтқарып қалды

4 күн бойы із-түссіз жоғалып табылған бүлдіршін мән-жайды өзі айтып берді (видео)

Талқылау